banner

Маусымда теңге бағамын дөп басқан кім?

2758

Abctv.kz маусым айындағы теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамының дәлдігі бойынша шолуды ұсынады.

Маусымда теңге бағамын дөп басқан кім?

Жаздың басы отандық валюта нарығында теңге бағамына әсер еткен біраз сын-тегеуріндермен есте қалды. Аbctv.kz өзінің дәстүріне сай сарапшылар берген валюта болжамдарының қаншалықты дәл келгенін саралайды.  

Маусым айының үшінші онкүндігінде көзге түскен теңге/рубль валюта жұбы көпшіліктің назарын өзіне аударды. Мұнай нарығының тұрақталуына орай шетелдік инвесторлар Ресейдің мемлекеттік қарызын сата бастады, бұл күтпеген жерден ресейлік валютаны әлсіретіп, теңгенің кері бағытта жылжуына ықпал етті.

Бұл үрдісті мұнай бағасы одан әрі ушықтырды, "ОПЕК+" тарапынан мұнай пактісі ұзартылғаннан кейін баға барреліне 46 доллар деңгейіне дейін күрт төмендеп кетті. Бұл Ресей мен Қазақстанның валюталарын 3-4%-ға әлсіретті.

Алайда айдың соңына қарай мұнай сәл тұрақтап, баға барреліне 48 долларға дейін көтерілді, бұл доллардың тегеурінін бәсеңдеткенмен, рубль мен теңгенің нығаюына айтарлықтай ықпал еткен жоқ.

Жалпы abctv.kz сауалнама алған сарапшылардың консенсус-болжамдары нақты мәліметке жақын болды. Алайда айдың соңында орын алған құбылмалылық болжамның астан-кестенін шығарды, дегенмен бұл жекелеген ойыншылардың тура болжам жасауына кедергі болмады.

Әдеттегідей үздік болжаушыны анықтау үшін біз доллар және рубль валюталарына қатысты ұлттық банк белгілеген теңгенің ресми бағамының орташа апталық көрсеткішін қолданып отырмыз. Сарапшылардың көпшілігі валютаның жылжу шегін ұсынатындықтан, біз сол сандарды қосып, орташа арифметикалық шаманы шығардық, осыдан соң ол консенсус болжаммен және аптаның нақты бағамымен салыстырылды.

Бұл әдіс үнемі шынайы жағдайды көрсетпейді, сондықтан abctv.kz сарапшылар тарапынан, мейлі оқырмандар тарапынан болсын түскен ұсыныстар болса, қарастыруға әзір. Аbctv.kz болжамдардың өзін жариялауда және олардың дәлдігін бағалауда тек ақпараттық сипатты басшылыққа алады.

Осы жерде субъективті пікірді ысырып қойып, сіздердің назарларыңызға  теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұптарына арналған екі диаграмманы ұсынамыз. Мәселені толығырақ зерттеу үшін төменде маусым айының барлық болжамдарын, нақты бағаммен салыстырған abctv.kz-тің мәліметін таба аласыз.
 

Әйгерім Сүлейменова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу