"Министр Біртановтың ұстанымы түсініксіз"

25983

"Атамекен" КҰП  міндетті медициналық сақтандыру реформасын 2020 жылға дейін шегеру қажет деп санайды.

"Министр Біртановтың ұстанымы түсініксіз"

Міндетті медициналық сақтандыруды елбасы сынынан кейін кейінге қалдыруды ҚР денсаулық сақтау министрі назарға алды. Айта кетелік, мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізуге асықпауға шақырған болатын. Дегенмен, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына жарналарды ары қарай жинау немесе жинамау жайында әрекеті түсініксіз. Аbctv.kz ақпараттық порталы "Атамекен" КҰП, бизнес-қауымдастықтың ұстанымын білу үшін "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовпен сұхбаттасқан еді.

– Қазір қоғамда  өзіндік құқықтық вакуум түзілді. Денсаулық сақтау министрі реформаны енгізуді екі-үш жылға шегеру туралы ойын білдірді. Алайда заң бойынша төлем міндеттемелерін алып тастаған жоқ. Осындай жағдайда жарналарды төлеудің пайдасы туралы сұрақтар туындағанда бизнес не істеуі керек? Бұл ретте орынды сұрақ туады: осы екі жылда қаражатты жинақтау министрге не үшін қажет? Осылайша реформа идеясы мәнін жоғалтпай ма?

– Осындай сауалдарды бизнес-қоғамдастық ретінде біз де қойып отырмыз. Министр Біртанов мерзім бір-екі жалға шегеріледі, қаражат жинақтала береді, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәселесі қаралады деген өзінің біржақты ойын білдірді, алайда министр миллиардтар төлеуге міндетті бизнес-қоғамдастықтың пікірін неге сұрамайды? "Атамекен" ұлттық палатасы  барлық  мүдделі тараптарды жинап, біржақты шешім қабылдау мақсатында жұмыс тобын құруды ұсынады. Министр бұл ұсынысты қолдады, бірақ нақты қадамдар жасалған жоқ. Айта кетелік, "Атамекен" маусым айында өткен  IV съезінде өз ұстанымын білдірген болатын: реформаны 2020 жылға дейін шегеріп, жетілдіру керек. Біз заңның қабылданып, орындалуы қажет екенін түсінеміз. Қазір бизнесмендердің барлығы қорға ақша төлеу керек пе, жоқ па деген орынды сұрақ қойып отыр. Бұл қаражат қайда кетеді? Екі жыл ішінде қор штатын не үшін ұстайды? Осы сұрақтар жұмыс берушілердің наразылығын тудыруда. Адал кәсіпкерлер заңды бұзғысы келмейді және болып жатқан үдерістің мәнін, ақшаның қайда кеткенін түсінбей дал.

– Яғни реформа мазмұны мен мәні күмән келтіреді ме? 

– Мемлекет басшысы бұл реформа негізін жақсылап ретке келтіру қажет екенін нақты айтты. Медициналық сақтандырудың нақты жүйесін енгізуді "Атамекен" қолдайды, алайда іс жүзінде не болып жатыр? Тағы да имплементация идеясы дұрыс емес. Ұғымдарды бұрмалау жүріп жатыр. Реформа мазмұны бойынша сақтандыру жүйесін емес, жұмыс берушілерге қосымша жаңа салық болып отыр.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру соңғы жер реформасы сынды құрдымға кетеді деп ойлайсыз ба?

– Бұл оқиға министрлердің реформаны енгізіп қана қоймай, оның жүзеге асуына да жеке жауапкершілікпен қарау керек екенін көрсетіп отыр. Жер реформасы аяғына дейін істелмегені жағдайында министр Досаев джентельмендік танытты. Елбасы мұны жас министрлерге сабақ алар мысал ретінде келтірді.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу