banner

Миттал тәжін тағы бір інжумен көмкерді

2359

Еуропадағы ILVA ірі металлургия комбинаты ArcelorMittal құрамына кірді.

Миттал тәжін тағы бір інжумен көмкерді

Италияның экономикалық даму министрі Карло Календа ірі ILVA металлургия комбинатын АМ Investco консорциумына сатуды мақұлдады. Синдикат құрамында ArcelorMittal трансұлттық корпорациясы және табақша прокаты мен құбырлар өндіретін италиялық Marcegaglia бар.

AM Investco ILVA металлургиялық комбинатын сатып алуға 1,8 млрд еуро қаржы салған. Сонымен қатар 2024 жылға дейін комбинаттың технологиялық және экологиялық жаңғыртуына тағы 2,4 млрд еуро жұмсайды.

ArcelorMittal және Marcegaglia автокөлік өнеркәсібі, құрылыс және энергетика үшін ұсынылатын өнімдердің ассортиментін кеңейтіп, жыл сайын 9,5 млн тонна дайын өнім шығармақшы. Сондай-ақ жобада бастапқы құны 10 млн еуро болатын ғылыми-зерттеу орталығын құруды да қарастырылып отыр. 

Бірақ "Миттал" қызметкерлер санын қысқартпақшы, әйтпесе, "Миттал" бола ма. Италиялық Repubblica газетінің хабарлауынша, тап қазіргі уақытта ILVA комбинатында 14 мыңнан астам адам жұмыс істейді, ал AМ Investco компаниясы 2024 жылға қарай 8500 жұмыскерлі қысқартуды көздейді. Кәсіподақ бұған қарсы, FIM, FIOM және UILM үш кәсіби ұйым 9 мамыр күні бірлескен кеңес өткізетіні туралы үкіметке хабарлады.

Бірақ бұл консорциум үшін кедергі бола қоймас.

"ILVA металлургиялық комбинаты мен оның қызметкерлерінің келешегі жақсы болу үшін барлық мүдделі тараппен жұмыс істейтін боламыз. Біздің жоспарымыз инвестициялық бағдарламадан қолдау көріп отыр, ол бағдарлама өнім түрлерін жақсартуға, нарықта үлес алуға және экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Қазір сатып алу-сату келісімшартын аяқтап, барлық мүдделі тараппен келіссөз жүргізуіміз керек", – деді 6 маусым күні Лакшми Миттал.

ILVA металлургиялық комбинатын сату әлі аяқталған жоқ, осы жылдың күзінде Италияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі AМ Investco консорциумының инвестициялық бағдарламасын мақұлдау керек. Содан кейін барып, соңғы келісімді Еуропалық комиссия бекітеді.

Бұл – "Митталдың" 2017 жылдың басынан бастап металлургиялық комбинаттарды қосып алу бойынша үшінші келісімі. 28 ақпан күні №1 болат өндіруші ArcelorMittal Brasil SA мен Votorantim SA. С арасында соңғы келісім жасалып, кәсіпорын ArcelorMittal Brasil компаниясының еншілесі болады деп жазғанбыз.

Екі айдан кейін бельгиялық Bekaert баспасөз қызметі ArcelorMittal компаниясы Belgo Mineira Bekaert Artefatos de Arame-мен (BMB) бірлескен кәсіпорын құрғаны туралы хабарлады.

Гүлназ Ермағанбетова, Олег И. Гусев

ArcelorMittal ILVA Карло Календа Металлургия

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу