Мөлшерлемеден пайда болмады

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2786

Қаңтар айында банктер дағдарыстан шыға алмады.

Мөлшерлемеден пайда болмады

Қаңтар айында екінші деңгейлі банктердің өзіндегі капитал 2,8 трлн теңгеге дейін азайып, банктердің өткен жылғы 3 трлн теңгеден төмен шамасына қайтып келді. Көптеген ойыншы өзгеріске ұшырады, 39 банктің тек 15 ғана капиталын ұстап қала алды. Ірі банктер бестігіне кіретін банктер ішінде тек Халық банк қана позициясын сақтап қалды. Қазкоммерцбанк, "Цеснабанк", "Сбербанк" ЕБ және ForteBank минусқа кірді.  Бір қызығы, ондыққа кіретін банктердің ішінде үшінші және төртінші орында тұрған банктер статистика бойынша алдыңғы орында тұрған банктерден гөрі нәтижелі болды, яғни қаңтар айында капитал көлемін сақтап қалған банктердің 73%-ы – шағын ұйымдар.

Банк секторында банктердің дербес капиталы ғана ойсырап қалған жоқ. Сонымен бірге қаңтарда банктердің активтері 1,6%-ға және қарыз қоржыны 2,7%-ға азайған. Бірақ оның есесіне несиенің мерзімін кешіктіріп төлеу 16,73%-ға дейін өскен, ал жыл басында бұл көрсеткіш 14,64% болған. Сондай-ақ мерзімі кешіктірілген қарыздың сомасы 6%-ға, банктердің провизиясы 6,8%-ға артқан. Провизияның өсуіне ҚЕХС-ның жаңа талаптары себеп болды.   

Банктердің міндеті азайды, заңды тұлғалар салымының шамалы өсуі жеке тұлғалар салымы бойынша жоғалтулардың орнын толтыра алмады. Дегенмен банк секторы қаңтарда жақсы табысты ұстап тұрды, оның мөлшері 54,9 млрд теңге болды. Ал желтоқсанда банктер 62,3 млрд теңге шығынды тіркеген болатын.

Банктердің басты проблемасы кірістің азаюында болып отыр. Егер 2018 жылдың қаңтарын 2017 жылдың қаңтарымен салыстыратын болсақ, онда оның нәтижесі бүгінгі күні жақсы болып тұрған жоқ. Осы жылдың қаңтарында банктер сыйақыға байланысты кірісті 5%-ға, 176,7 млрд теңгеге дейін қысқартқан. Банктердің жоғалтқандарының ішіндегі ең ірісі – бұл құнды қағаздар бойынша табыстың үш есе қысқаруы мен банктің клиентерге қоятын талабына қатысты сыйақы кірісінің 13%-ға төмендеуі болды. Нәтижесінде банктерге табыстылықты басқа баптар бойынша жинауға тура келді, яғни олар толық төлеп біткенге дейінгі құнды қағаздар көлемін арттырып, капитал мен  бағынышты қарыздарға көп қаржы салып, сондай-ақ "кері репо" операциясы аясында және  валюталық айырбас арқылы құнды қағаздарды кепілге қоюмен өтімділікті ұсынуға шыққан.

Алайда банк секторының ең көп жоғалтқан кірісі сыйақыға байланысты емес. Активтер мен міндеттерді қайта бағалаудан түсетін табыс 25%-ға, яғни 2,5 трлн теңгеден 1,9 трлн теңгеге түсіп кеткен. Ақыр-соңында банктердің қаңтардағы кірісі 22,5%-ға, 2,3 трлн теңгеге дейін азайған.

Ал шығын жайын айтар болсақ, онда қаңтар айының қорытындысы бойынша олар төмендеген. Бюджетке төлеген салықты есепке алатын болсақ, шығын 2,7 трлн теңгеден аспай, былтырығы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 23%-ға қысқарған. Салық төлегеннен кейінгі шығынның орнын толтырған кіріс 54,9 млрд теңге болды. Бұл 2017 жылдың қаңтарындағы қорытындыдан 39%-ға көп.

Түскен табысқа қарамастан, активтер мен банктердің өзіндегі капиталдың табыстылығы аса үлкен болмай отыр. Реттеушінің мәліметтеріне сәйкес, активтердің табыстылығы (ROA) қаңтарда 0,2% болған. Ал банктердің дербес капиталының табыстылығы (ROE) 1,6% болған.

Несие беру динамикасының  төмен болуынан, банктер табыстылықты ақша нарығы құралдары мен құнды қағаздарға инвестиция салу арқылы ұстап отыр, бұлардың табыстылығы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен кейін төмендейді, алайда мұндай инвестициялардың тәуекелі несие тәуекеліне қарағанда төмен.

Қаңтар айының ортасында  базалық мөлшерлеменің 9,75%-ға дейін төмендеуі банк өнімдерінде көрініс тапты, алайда банктердің несиелік нәтижесін айтарлықтай жақсартты деуге келмейді. Жиынтық қарыз қоржынының өсуі кері көрсеткіш көрсетіп, төмендеу 2,7%, яғни 13,2 трлн теңгеге дейін жетті. Тіпті өткен жылы жылдам өскен тұтынушылық және ШОБ-ға несие беруде төмендеуден тыс қалмады.

Кері динамика төртінші ай қатарынан сақталуда, бұл ретте қаңтар айындағы төмендеу өткен жылдың қазан-желтоқсанындағы жиынтық төмендеуден 18%-ға асып кетті. Банктің несие беруі макроэкономикалық шартты шектейді, оның ішінде қазір сақталып отырған елеулі несие тәуекелін шектейді деп отыр Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) сарапшылары.

Айта кетерлігі, банктердің қаңтар айында жеке тұлғаларға теңгемен берген несиесі сыйақысының орташа сараланған мөлшерлемесі жылдық 20,1% болды, яғни желтоқсандағы 19,2%-дан артқан. Бұл банктердің тұтынушылық несие беру тәуекелін жоғары бағалап отырғанын көрсетеді. Салыстыру үшін айтатын болсақ, 2017 жылдың қаңтарында жеке тұлғаларға несие жылдық 18,4%-бен берілген. Осы жылдың қаңтарында берілген жаңа несие көлемі 830 млрд теңге болған. Бұл 2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 44%-ға көп.

Ал депозиттік нарыққа тоқталар болсақ, онда қаңтарда корпоративтік клиенттерге арналған теңгелік салымның орташа табысы жылдық 7,6% -ға дейін төмендеген. Ал  жеке тұлғаларға арналған теңгелік депозит бойынша сыйақы 0,2%-ға өсіп, жылдық 10,7%-ға дейін жеткен. Шетелдік валютадағы депозиттердің табыстылығы қаңтарда еш өзгермеді.

Дегенмен де депозиттік мөлшерлемені төмендететін динамика депозиттік нарықтың өсуіне әкелді. Қаңтар айында ол төмендеуді қойып, 0,6%-ға 16,8 трлн теңгеге дейін өскен. Алайда оның позициялары алдағы жылдардағыдай сенімді емес. Тек 2,1%-ға өскен заңды тұлғалардың салымы ғана өсу динамикасын көрсетті. Жеке тұлғалардың салымы 0,9%-ға, 8,1 трлн теңгеге дейін түскен. Жалпы халық екі санды табыстылыққа үйреніп қалған.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу