Ripple криптовалютасы халықаралық ақша аударымы нарығына шығады

Данил Тумашевич Данил Тумашевич
3393

Western Union биыл Ripple-мен бірігуді жоспарлап отыр 

Ripple криптовалютасы халықаралық ақша аударымы нарығына шығады

Әлемдегі ақша аударымын іске асыратын ірі бес компанияның үшеуі 2018 жылы онлайн-аударым жасауда Ripple технологиясын қолданбақшы. Бұл туралы 5 қаңтар күні Ripple-нің  Twitter-дегі ресми аккаунтында  The New York Times журналисті Натаниэля Поппердің сынына берілген жауапта айтылған.

Беделді газет колуминсті Натаниэль Поппер Ripple криптовалютасына күмән келтіріп, оның технологиясын қай банктер қолданады деген сауал қойған болатын. Сондай-ақ журналист бұл туралы компаниядан сұрағанын, олар тек Cuallix және мексикалық ақша аудару қызметі ғана қолданады деп жауап бергенін айтқан еді.

Techcrunch (ірі IT блог. – автор, еск) Майкл Аррингтон  Натаниэлю Попперге Moneygram, Western Union, Mckinsey сияқты компаниялармен, сондай-ақ Азиядағы ақша аударымымен айналысатын ірі компаниялармен сөйлесіп көруге кеңес берді. Ripple өкілдері болса компания "алып-қашпа әңгімелерге немесе алаяқтыққа түсініктеме бере алмайтынын" мәлім етті. 

Сондай-ақ  Western Union-да Businessinsider редакциясының сауалына түсініктеме беруден бас тартты. Businessinsider өз дереккөзіне сілтеме жасап 2018 жылы Western Union XRP (Ripple. – автор еск.) технологиясын қабылдауы мүмкін екенін айтып отыр. Ақша аударымдар сервисі Ripple технологиясын келешекте бәсекелес болуы мүмкін технология ретінде қарастырып,  басқа ірі компаниялар оны басып озуы мүмкін екенін сөз етті. Western Union әлем бойынша ақша аударымы мен төлем жасау қызметін ұсынады. Ол 1851 жылы құрылған, халықаралық ақша аударымы нарығындағы көшбасшылардың бірі.

Биткоиннан мың есе жылдам
Ripple компаниясының негізін құрушылардың бірі Брэд Гарлингхаус жақында берген сұхбатында криптовалютаның ерекшелігін атап: "XRP-ның ерекшелігі – ол үш секундта іске асады. Сондықтан тұрақсыздық туралы сөз болуы  мүмкін емес. Ал биткоинға бірнеше сағат керек. Біз биткоинға қарағанда мың есе жылдамбыз және келісім жасау үшін мың есе арзанбыз. Соңғы кезде  XRP-мен болған алып-сатарлық өзгертулердің көбісі – бұл адамдардың биткоин барлық қиындықтан құтқаратын панацея емес екенін түсінгендігінде", – деді.  

Жаңа миллиардерлер
Жақында Ripple криптовалютасының негізін қалаушылардың бәрі криптовалюта бағамының экспоненциалдық өсуі арқасында миллиардер болды деп хабарлайды CCN. 5,19 млрд XRP-ке ие Крис Ларсеннің байлығы жобамен 55,8 млрд долларды құрайды. Жаңа миллиардер Google негізін қалаушы Ларри Пейдж бен Карлос Слим арасында сегізінші орынға ие болды.

Алдын ала бағалау бойынша, Брэд Гарлинхаус компания токенының 6,3%-на  және  10 млрд доллардан астам байлыққа ие.

Еске сала кетер болсақ, Ripple криптовалютасының бағамы 2017 жылдың 12 желтоқсанында 20 центтен күрт өсе бастады. Сол кезде Жапония мен Оңтүстік Корея банктері XRP технологиясын сынақтан өткізе бастады да, криптовалюта бағамы 0,5 долларға жетті. Сoinmarketcap мәліметі бойынша, қазіргі уақытта бағам 3,08 долларды құрап отыр. Сондай-ақ криптовалюта капиталдандыру бойынша үшінші орында тұр.

Гүлназ Ермағанбетова, Данил Тумашевич

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу