Tele2 және Altel абоненттер қатарын арттырды

Аскар Чокин Аскар Чокин
3795

 Бірлескен кәсіпорын абоненттерінің саны алғашқы тоқсан соңында 6,5  млн-ға жетті.

Tele2 және Altel абоненттер қатарын арттырды

Аbctv.kz-ке белгілі болғандай, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында Tele2 Қазақстан және Altel негізгі көрсеткіштерін өсіруді сенімді түрде жалғастырған. Бірлескен кәсіпорынның (БК) абоненттік базасы есептік кезеңнің соңында 74 110 мың қолданушыға жетіп, 6 513 856 абонент болған.

2017 жылдың алғашқы тоқсанында EBITDA алдағы есептік кезеңмен салыстырғанда 26%-ға артып, 4,4 млрд теңге болды. Бәсекелестіктің өсуі мен желі құрылысына қаражат салынғанына қарамастан, бұл көрсеткішке  Altel және Tele2 компанияларының бірігуі және операциялық масштабтың өсуі оң әсерін тигізді деп атап көрсетті БК.

2017 жылдың алғашқы тоқсанындағы жалпы табыс 23 млрд теңге болып, 2016 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 12%-ға азайған. Абоненттерге қызмет көрсетуден түскен табыс қаңтар-наурыз айында 17,8 млрд теңгеге жетіп, мұның алдындағы есептік кезең көрсеткішімен салыстырғанда 1%-ға артық болды.

БК негізгі көрсеткіштердің өсуінен  басқа мәліметтерді беру көлемінің артып келе жатқанын көрсетті. 2017 жылдың алғашқы тоқсанында Tele2 және Altel абоненттері 115 ПБ мобильдік тарифті қолданған, бұл өткен жылдың төртінші тоқсанындағы көрсеткіштен 11%-ға артық. Көрсеткіштің өсуіне 4G стандартындағы желі сыйымдылығын өсіру мен орнын толтыруды арттыру, сондай-ақ LTE-Advanced (4G+) технологиясын коммерциялық пайдалануға шығару көмек болды.

"Бір жыл бұрын екі компанияны біріктіру туралы үлкен міндетті мойнымызға алдық. Осы мерзім ішінде алға қойылған міндеттерге қол жеткізіп, біріктіру процесін  аяқтауға жақын қалдық. Таяу  арада Tele2 және Altel желісі бірігеді.

Компанияларды біріктіру міндетімен қатар 4G желісін жылдам қарқынмен салуды жалғастырдық, сондай-ақ қазақстандық операторлардың ішінде бірінші болып мәліметтерді 225 Мбит/сек дейін жылдамдықпен алуға мүмкіндік беретін LTE-Advanced (4G+) мобильді интернеттің соңғы үлгісінің коммерциялық пайдалануын іске қостық. Мұның бәрі біздің абоненттердің мобильді интернетті пайдалану деңгейінің өсуіне, сонымен бірге келешекте мысалы VR сияқты жоғары талапты қосымшалар мен сервистердің мәліметін беру  жылдамдығын таратуға көмек болады.

Біз Tele2  абоненттері ең тиімді оператор және Altel клиенттері үшін технологиялық көшбасшы болуды көздейтін  стратегиямызға бек сенімдіміз. Сондай-ақ  ұзақмерзімді уақытта абоненттер үлесі бойынша Қазақстанның мобильді операторлары арасында  екінші орынға шығуды жоспарлап отырмыз", – деді Tele2 Қазақстан және Altel БК басқарамасы төрағасы Роман Володин. 

Аскар Чокин, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу