Тимур Құлыбаев құрылыс саласы жеткізушілерінің тізілімін құруды тапсырды

2809

Бұл шара нарықтағы баға белгілеудің шынайы саясатын қалыптастырады.

Тимур Құлыбаев құрылыс саласы жеткізушілерінің тізілімін құруды тапсырды

Мемлекеттік сатып алулар рәсімінің бітпегендігін пайдаланып, құрылыс саласының жекелеген жеткізушілері өз қызметтерінің бағасын төмендетуді қолдан жасап отыр.  Құрылыс нарығындағы нақты бағаны ескермейтін баға белгілеу жүйесі ақыр аяғында бәсекелестік ортаны құртады. Бұл проблема ҚР КҰП төралқа төрағасының төрағалық етуімен өткен  жиында көтерілді.

Құрылыс саласында баламалы бағаны қолдану үшін ұлттық палата мемлекеттік органдармен жеткізушілер тізілімін жасау мәселесін қарастырмақшы, бұл тізілімге отандық өндірушілер  және келешекте импортерлар мен дистрибьюторлар кіреді. Ұлттық палата басшысы Тимур Құлыбаев осындай тапсырма берді.

"Тізілім нақты статистиканы қалыптастыру үшін сенімді бірыңғай база болмақ, сол сияқты құрылыс саласында баға белгілеудің шынайы саясатын қалыптастыруға негіз және құрылыс процесіне қатысушылар үшін ыңғайлы платформа болады", – деп мәлімдеді кәсіпкерлердің ұлттық палатасынан.

Сонымен бірге  жеңімпаз-компаниялар тізімін құру үшін аймақтақ кәсіпкерлер палатасы арқылы мемлекеттік сатып алулар бойынша соңғы бес жылда салынған құрылысқа сараптама жасауға тапсырма берілді.

"Ресми статистика бойынша салада жұмыс жасап жатқан субъектілердің саны 60 мыңнан асады. Осыған қарамастан қауымдастықтардың нарықты қамтуы айтарлықтай емес. Осыған байланысты құрылыс саласында өзін-өзі реттейтін ұйымды құру және мемлекеттің жарты міндетін бәсекелестік ортаға беру туралы мәселені инвестиция және даму министрлігі басшылығының талқылауына беру керек", – деп атап көрсетті КҰП.

КҰП алдында "ҚазҚСЗИ" АҚ-тың жекелеген міндеттерін салалық қауымдастық және компаниялардың салалық мүмкіндігін, сондай-ақ сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласында салалық кодексті құру мәселесін дайындауды есепке ала отырып, бәсекелестік ортаға беру бойынша ұсыныс дайындау міндеті тұр. 

Кәсіпкерлер палатасы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша  жұмысты, сонымен бірге құрылыс саласында мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық механизмдер тұрғысынан алып жүруді қысқартатын ілкі жобаларды ( 2017 жылдың наурыз айында Астана, Қарағанды және Ақмола облыстарында іске қосылған) жалғастырады.

"Бүгінгі күні қолданыстағы заңнаманың өзі ілкі жобаларды іске асыру шеңберіндегі құрылыс процесіне қатысушыларға бейімделген. Сонымен бірге құрылыс саласына қатысушылардың қосымша сұрақтары ілкі жобалардың іске асырылуына қарай шешілетін болады. Ілкі  жобалардың өту процесі үнемі ҚР үкіметінің бақылауында болады", – деді КҰП.

Еске сала кетейік,  2016 жылдың желтоқсанында кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу барысында барлық жеткізушілердің қазынашылық органда арнайы есепшот ашу қажет еместігі туралы айтқан болатын. Яғни арнайы есепшотты тапсырыс беруші- бас мердігер- қосалқы мердігер тізбегі бойынша ашу ұсынылған еді.

Саян Абаев, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу