Үкімет қарызды ұлғайтпақ

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
13682

Үш жылда үкіметтің қарызы 1,3 есеге артады.

Үкімет қарызды ұлғайтпақ

Үкімет "борышқорлық шұңқырды" ұлғайтуға дайын. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтқандай, үш жыл ішінде үкіметтің қарызы шамамен 3 трлн теңгеге жетеді.

"2020 жылға қарай үкіметтің қарызы шамамен 11,9 трлн теңгеге жетеді немесе ЖІӨ-нің 20,6%-ын құрайды. Бұл – алдын-ала болжанған есеп. Қазіргі кезеңмен салыстырғанда алдағы үш жылда қарыз 1,3 есеге атады", – деді министр мәжілісте 2017 жылдың нақтыланған республикалық бюджетін таныстыру барысында.

"Әрине, қарызды өтегенде белгілі бір жүктің түсері анық" деп сөзін жалғады министр, яғни қарыздың орнын толтыруға жұмсалатын шығын да көбейеді. Бұл ретте шығын бюджет табысынан жылдамырақ өсетінін айта кету керек. Алайда үкімет бұл қадамды орынды деп есептейді.

"Бүгінгі күні "Жаңарту – 3.0" аясында қойылған міндеттер аясында, үкімет бұл қадамды орынды және қажет шара деп бағалайды, сондықтан алдағы үш жылдың жобасын әзірлегенде, тәуекелді барынша азайту үшін үкімет бюджеттік саясатты оңтайландыру бойынша қосымша шара қолданады", – деп мәлім етті Бақыт Сұлтанов.

Мәселе тым өткір, ай сайын өсіп отырған мемлекеттік қарыз бірнеше рет сын айтуға себеп болды. Үкімет қарызды оңтайландыру және мемлекеттік қарызды азайту шарасын қолдануға уәде етті, мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге қарағанда дағдарысты межеге әлі жете қоймағанын алға тартады. Күзде сол кезде ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев үкімет инфрақұрылым жобаларын іске асыруға мемлекеттік кепілдік беру жөніндегі барлық жоспарды қайта қарап, барынша басым бағыттарды бөліп алу үшін осы үдерісті оңтайландыруға әзірленіп жатқанын айтып сендірген.

Үш жылда мемлекеттік қарыз екі есеге дейін өсті: 2013 жылы ЖІӨ-ге қарағанда 12,5%-дан 2016 жылы ЖІӨ-ге қарағанда 24%-ға дейін ұлғайды. Үкіметтің қаржы блогы өкілдерінің айтуынша, мұндай көрсеткіш мүлде қорқыныш тудырмайды.

Десе де, үкімет республикалық бюджет тапшылығын бірте-бірте түсіріп, мемлекеттік қарызды мейлінше қауіпсіз деңгейде сақтауға уәде етті. 2017 жылы тапшылық ЖІӨ-ге қарағанда 1,2%-ды құрап, бірте-бірте 2019 жылға қарай 1%-ға дейін төмендейді деп жоспарланған болатын. Алайда бұл жоспар 2017 жылы орындалуы екіталай. Парламенттің қарауына ұсынылған бюджетке енгізілетін түзету бюджет тапшылығын 1 трлн теңгеге, ЖІӨ-ге қарағанда 3,1%-ға ұлғайтуды көздейді.

Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған жедел мәліметке көз салсақ, 13 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз мөлшері 11,5 трлн теңге болды, оның 8,9 трлн теңгесі – үкіметттік қарыз. Ұсынылған кестеге сәйкес, қаңтар айынан бері мемлекеттік борыш 11,4 трлн теңгеден 11,5 трлн теңгеге көтерілген.

Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу