Үкімет сенімін аса сақтықпен білдіргендей

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2161

Төрт айда Қазақстанның экономикасы 3,7%-ға өсті.

Үкімет сенімін аса сақтықпен білдіргендей

2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында ЖІӨ-нің өсімі 3,7%-ды құрады. Алайда үкімет әзірге ел экономикасының келешектегі өсіміне қатысты болжам жасауда сақтық танытып отыр. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов атап өткендей, төрт айда "тау-кен және өңдеу өнеркәсібі жақсы серпін көрсетті, сондай-ақ көлік және логистика саласында да жоғары көрсеткіш сақталуда, ауыл шаруашылығының да жағдайы жаман емес".

"Сондықтан жалпы алғанда көрсекіштер айтарлықтай жоғары. Бірақ жыл қорытындысы бойынша болжамымызды өзгертпейміз, себебі өткен жыл тұрақты болды деп айта алмаймыз, даму қарқыны бойынша бірінші жартыжылдық екінші жартыжылдықтан едәуір өзгешеленді. Сондықтан толық жартыжылдықтың ішінде нық өсімге көзіміз жетпей болжамды өзгертуге негіз жоқ", – деді ол abctv.kz-ке.

Сонымен бірге экономика министрлігінің басшысы бірінші жартыжылдық айтарлықтай жоғары көрсеткіштермен аяқталатынына сенімді. "Сандар орташа болатын шығар. Бірақ бұл көп жағдайда МЭЕҰ саммитінен күтілетін болжамдарға байланысты болады", – деп қосты ол.

Еске сала кетсек, әлеуметтік-экономикалық дамудың бекітілген болжамына сәйкес, 2017 жылы Қазақстанның ЖІӨ 2,5%-ға өседі. Өнеркәсіптік өндірістің өсімі 3%-ға жетеді деп болжанған болатын. Ал инфляцияның деңгейі белгіленген 6-8% шегінен аспайды деп күтіледі.

Әйгерім Сүлейменова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу