Ұлттық банк банктерге 0,5 трлн теңге береді

1996

Ұлттық банк ЕДБ-ның қаржылық тұрақтылығын арттыратын бағдарлама әзірледі.

Ұлттық банк банктерге 0,5 трлн теңге береді

Ұлттық банк банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасын таныстырды деп хабарлайды abctv.kz. Бағдарлама осы жылдың III тоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

"Бағдарлама үш бағыт – жүйе құрушы банктерді қолдау, ірі және әлеуметтік маңызы бар банктердің қаржылық тұрақтылығын арттыру, нысандандырылған бақылаудан тәуекелге-бағытталған бақылауға көшуге байланысты банк жұмысын бақылау және реттеуді сапалы өзгертуді қарастырады", – делінген  таратылған баспасөз хабарламасында.

Бағдарламаның мақсаты  – акционерлермен  ынтымақтаса отырып банктердің капиталын толықтыру және банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ экономиканың нақты секторына несие беруді қайта қалыпқа келтіру.

"Акционерлер мен операторлардың ынтымақты қатысуымен (Ұлттық банктің жеке еншілес ұйымын құру жоспарланып отыр – автор еск.) бағдарлама екеуіне біреу қағидасы бойынша іске асатын болады, осыған сәйкес оператор банктердің капиталын толықтыру көлемінің 66% ақшасын бірден береді, ал акционерлер болса капиталды толықтырудың кем деген 33%-ын береді", – деп түсіндірді Ұлттық банк басқарамасы төрағасының орынбасары Олег Смоляков баспасөз мәслихатында.

Банктерді қаржылық қолдау құралы тәртіптелген борыш шарты негізінде ақшалай қаржыны ұсыну арқылы іске асады. Бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын қаржыны  шамамен есептеп қарайтын болсақ, Ұлттық банк 500 млрд теңге жұмсайтынын көреміз деп атап өтті Олег Смоляков. 

Бағдарламаны іске асыру мерзімі 15 жылға дейін созылады, осы уақыт ішінде банктер несиеге берген қаржысын қайтарып алуы керек. Алайда Ұлттық банктің есептеуі бойынша, капиталға жасалатын қысымды азайту және төленбей жатқан қарыздарды есептен шығарып тастау – экономиканың басым салаларына несие беруді ұлғайтуға әкеледі, яғни жыл сайын бұл салаға кем дегенде 300 млрд теңге жұмсалады.

Сонымен бірге Қазақстанның Орталық банкі Ұлттық банктің оперативтік бақылау және тәуекелге-бағытталған бақылауды қолдану бойынша талаптарын заң жүзінде бекітуге қатысты  реттеушілік-бақылау мандатын күшейтуді талап етіп отыр.

Яғни реттеушіге проблемалық банктерге, оның активтерінің сапасы мен провизияны талап ететін дәлелді пікір құқығына қатысты шешімдерді қабылдау үшін тиісті құралдарды ұсыну қажет екендігі айтылды. Сонымен бірге реттеушіге проблемалық банктерді өз қалауы бойынша қайта құрылымдау әдісін қолдану құқығын беру де қарастырылып жатыр.

"Ірі және жұмыс істеу қабілеті бар банктерге қолдау көрсететінмізді атап кету керек. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша банктер төленбей, капиталға қысым жасап, экономика салаларына несие беруді кеңейтуді ұстап тұрған қарыздарға қатысты өз  мәселелерін шешеді деп ойлаймыз. Бағдарламаны іске асыру барысында акционерлерге өз шығындарын бірте-бірте мойындау және ұзақмерзімді келешекте тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін өз банктерін кезең-кезең бойынша капиталандыру мүмкіндік беріледі", – деп толықтырды Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2017 жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша банк секторының қарыз қоржыны (негізгі қарызы) 15,28 трлн теңге болған, оның ішінде мерзімі кешіктіріліп төленетіні 17,7% (2,7 трлн теңге)  және төленбей отырған қарыз 8% (1,22 трлн теңге) болған. 

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу