Ұлттық банк валюталық интервенцияға көшті

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
4515

Тамыз айында 70 млн доллар валюта сатылды.  

Ұлттық банк валюталық интервенцияға көшті

Ұлттық банк валюта интервенциясы саясатының жалғасатынын мәлімдеді. Осылайша реттеуші соңғы бірнеше аптада құнсызданып бара жатқан теңгеге қатысты мәселені жуып-шайғысы келеді.  21 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында теңгенің долларға қатысты бағамы 2,6%-ға әлсіреді.

Бұл банктердің, компаниялардың және халықтың тарапынан шетел валютасына деген сұранысының ұсыныстан асып кетуі салдарынан орын алды деп атап өтті Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"Теңгенің еркін өзгермелі бағамы және Ұлттық банктің валюталық сауда-саттыққа қатысуын барынша азайту – бағамның автоматты түрде әлсіреуіне әкеледі", – деп түсіндірді Ұлттық банк.

Ұлттық банк  ұлттық валютаның орта мерзімді перспективадағы бағамын айқындайтын тұрақты іргелі факторлардың аясында (сауда әріптес елдердегі мұнай бағасы және валюта бағамдары) жекелеген сарапшылардың мәлімдемесімен ушыққан девальвациялық болжамдар  теріс әсер етті деп есептейді.

"Ұлттық банк шетел валютасына жеткілікті ұсыныс болмағандықтан оны сатушы болды. Тамызда Ұлттық банктің нетто-интервенциясының көлемі 70 млн доллар болды. Сондай-ақ қыркүйектің алғашқы аптасында Ұлттық банк шетел валютасын сату жөнінде интервенция жүргізді. Ай қорытындысы бойынша деректер қазанның басында жарияланады", – деп көрсетілген таратылған хабарламада.

Реттеушінің айтуынша, 5-6 қыркүйекте  валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Ұлттық банктің пікірінше, егер мұнай бағасы бір баррель үшін 50  доллардан төмендемесе, ал Ресей рублінің бағамы бір доллар үшін 59-60 рубльден аспаса, теңгенің долларға қатысты бағамы қазіргі деңгейде болады.

Сонымен бірге, Ұлттық банк рубльге қатысты айырбастау бағамының қазіргі деңгейі жеткілікті бағаланбай отыр, бұл оны түзетуге жағдай жасайды деп есептейді.

Реттеушінің осындай мәлімдемесі негізінде Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша 7 қыркүйек күні доллардың орташа бағамы 6 қыркүйек күнгі бағаммен салыстырғанда 1,42 теңгеге төмендеп, бір доллардың теңгеге шаққандағы құны 339,80 доллар болды. Сауда көлемі 12,1 млн-ға, 75,850 млн долларға дейін азайды.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу