banner

ҰОК-тың ширек ғасырлық шежіресінен...

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2947

Жақында ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті 25 жылдық мерейтойын ресми түрде атап өтті.

ҰОК-тың ширек ғасырлық шежіресінен...

Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жыл басы, яғни жаңа жыл мейрамы. Қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің символы һәм маңызы зор мерекесі. Спорт тілімен айтқанда жаңа жетістіктердің басы десек, еш қателеспіз. Осыған орай, жыл басы мейрамында төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындарындағы спорттық жетістіктеріміздің басын, бастамасын атап өткенді жөн санадық. Өйткені Олимпиада ойындарына 1992 жылдан бастап дербес мемлекет ретінде қатысып келе жатқанымызға да ширек ғасыр болды.

Кеңес үкіметі ыдырап, әр ел тәуелсіздігін жариялап, жеке-жеке шаңырағын көтере бастағанда 1992 жыл есіктен аттап, КСРО құрамындағы 15 мемлекеттің спортшылары біраз сергелдеңге түсті. Себебі бұл елдердің спорттық ведомстволары өз мәртебелерін анықтап үлгермеген-ді. Ал 1992 жыл соңғы рет екі Олимпиада ойындары бір жылда өтетін кезең болатын (Бұдан соң ХОК жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының арасын екі жыл қылып ажыратты). Осылайша, 8-23 ақпан аралығында өткен Альбервиллдегі Ақ Олимпиадаға да, 25 шілде мен 9 тамыз аралығында Барселонада өткен жазғы Олимпиадаға да бұрынғы КСРО елдері өзара келісіп, "Біріккен команда" болып қатысты.

Альбервиллдегі Ақ Олимпиадаға сегіз спортшымыз қатысып, бәрі де жүлдесіз оралды. Ал Барселонада біздің елден 20 спортшы бақ сынап, 5 медаль (1 алтын, 2 күміс, 2 қола) еншілеп қайтты... 

Осы екі арада КСРО құрамындағы елдердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттері құрылып, Халықаралық Олимпиада комитетінде (ХОК) заңды түрде тіркеле бастады. Мәселен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті 1990 жылы 3 ақпанда құрылған болатын. Бірақ өкілеттігі мен мәртебесі 1992 жылы 9 наурызда Лозаннада танылып, бекітілді.

Содан бері Қазақстан спортшылары алты рет жазғы, тура осынша рет қысқы, сонда барлығы 12 рет олимпиада ойындарына қатысты.

Осы 12 Олимпиада ойындарындағы жүлделеріміз 2-ші және 3-ші кестеде тізілген. Негізі жазғы Олимпиада ойындарында алған медальдарымыз 3-кестедегіден де көп болатын. Бірақ ауыр атлеттеріміздің және балуандарымыздың допинг қолданғандары әшкере болып, Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы шешімімен Лондон Олимпиадасындағы төрт алтынымыз және Бейжің Олимпиадасындағы бір алтынымыз бен бірнеше жүлдеміз жоққа шығарылды (шегеріліп тасталды)...

Енді сандар мен деректерге “сөз” берейік:  

1-кесте. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті басшылары

2-кесте. Қысқы Олимпиада ойындары

3-кесте. Жазғы Олимпиада ойындары

4-кесте. Ту ұстаушылар

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу