banner

Жаңа көлік сатып алушылар қатары артып келеді

Қаңтар айында тіркелген 80 мың көліктің 5000-ы – алғаш рет тіркеуден өткен көлік.

Жаңа көлік сатып алушылар қатары артып келеді Фото: liter.kz

Осы жылдың қаңтарында ІІМ 80324 көлікті тіркеген, бұл 2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 16%-ға көп. Былтыр 69192 көлік тіркелген болатын. Бұл соңғы үш жылдағы қаңтар айында болған оң нәтиже деп хабарлайды қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) баспасөз қызметі.

"Өткен жылдың соңғы айымен салыстырғанда қаңтар айындағы құлдырау айтарлықтай емес, автокөліктерді тіркеу деңгейі небәрі 10%-ға түскен, көбінесе жылдың басында бұл көрсеткіш 35-40% шамасында болатын. Бұл автокөлік нарығының үздіксіз қайта қалыпқа келіп, жандануын көрсетеді", – деп отыр ҚАБҚ өкілдері.

Сонымен қатар қаңтар айында тіркелген көліктердің ішінде 5059 көлік алғаш рет тіркелген. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың қаңтарындағыдан 41%-ға көп, ол кезде алғаш тіркелген көліктің саны 3590 болған еді. Қалған тіркелген 75265 көлік – бұл қайта рәсімдеу операциялары және екінші нарықтағы келісімдер. Тіркелген көліктің жалпы санының 70%-ы 2008 жылға дейін шыққан көліктерге тиеслі, ал шыққанына үш жылдан он жылға дейін уақыт болған көлік саны 20602, сондай-ақ шыққанына үш жыл ғана болған көлік саны – 7443.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" одағының келтірген мәліметіне сүйенетін болсақ, 2018 жылдың қаңтарында 88551 автокөлік есепке алынған, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 12,2%-ға жоғары. Оның 84013-і иесі ауысып, екінші рет тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11,1% артық. Алғаш тіркеуден өткен көліктің саны – 4538. "ҚазАвтоӨнеркәсіп" мәліметі бойынша бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 36,6%-ға жоғары.

ҚАБҚ еліміздегі автопарктің жаңару әлеуетін автокөлік өндірісін дамытумен байланыстырып отыр. Яғни Қазақстанның әр мың тұрғынына үш жаңа көліктен келіп отыр. Салыстыру үшін айтатын болсақ, Ресейде 1000 азаматқа 11 автокөліктен келеді. Орта есеппен алатын болсақ, Еуропада бұл көрсеткіш Қазақстанға қарағанда он есе артық.

"Статистика отандық автопарктің ескіру тенденциясының тұрақты екенін көрсетіп отыр, – дейді "ҚазАвтоӨнеркәсіп" одағының сарапшылары. – Шыққанына 20 жылдан асқан көліктерді екінші нарықта сату үлесі 34,9%-дан 38,1%-ға өскен. Ал шыққанына үш жыл болған көліктерді сату 7,7%-дан 3,3%-ға қысқарған".

Көліктің ең көп тіркелген жері ОҚО, яғни ҚАБҚ мәліметі бойынша – 13018, "ҚазАвтоӨнеркәсіп" мәліметі бойынша – 13823. Алматы облысында әртүрлі мәлімет бойынша, 11610-12607 көлік тіркелген.

Тіркеу бойынша статистика нарықтағы барлық келісімді, ресми алғашқы сатылудан бастап алғаш рет диллерлермен сатылу, ұсталған автокөлік нарығындағы сатылуды қарастырады. Сондай-ақ мұрагерлікке беру, келісімшарт бойынша сыға тарту, жалға беру, техпаспортқа өзгеріс енгізу және т.б бар.

Автокөлікті тіркеу АК-тың төмендегі түрлерін, яғни жеңіл көлік, микроавтобустар, автобустар, жүк көліктері, прицеп және қосалқы прицепті қарастырады.

Еркебұлан Қыздарбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу