«Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі

27 Ақпан 17:05

Астанада Есіл өзенінде «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылған «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі өтті. Елорда әкімдігінің қолдауымен 17-ші рет ұйымдастырылған дәстүрлі шараға ұлттық спорт федерациясының өкілдері, оқушылар мен студенттер, мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.