Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

38737

Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанда 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып белгіленді.  Содан бері қазіргі «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені аумағындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориалына жыл сайын гүл шоқтары қойылады. Бұл шараға қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады.  Биылғы жылы да елбасы қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстарымен, жақындарымен кездесті.

«31 мамырда біз саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске аламыз. Репрессия барлық КСРО аумағында өтті. Қазақстанға келетін болсақ, мұнда 103 мың адам сотталып, 25 мың адам атылды. Қазақ зиялыларының қаймағы, ел басшылары түп-тамырымен жойылды. Олар Қазақстан бойынша салынған 11 лагерьде ауыр азаптан көз жұмды. Онда миллионнан астам адам тұтқында болды. КСРО аумағынан 1,5 миллионнан астам адам – Солтүстік Кавказдан, Кореядан, Балтық елдерінен, Украинадан, Ресейден Қазақстанға жер аударылды. Осылайша біз көпұлтты елге айналдық. Олардың барлығына Қазақстан туған үйіне айналды, қазақтар оларды құшақ жая қарсы алды. Содан бері басымыз бірлікте, татулықта қосылған бір xалыққа айналдық. Сондықтан бұл оқиғаны xалқымыз әрдайым жадында ұстауы тиіс», – деді елбасы. 