banner

Экономикалық әріптес, стратегиялық серіктес

52208
Экономикалық әріптес, стратегиялық серіктес

Осы аптада Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер елімізге ресми сапармен келді. Құрметті қонақты халықаралық хаттама нормасына сай үкімет мүшелері, Ұлттық ұланның құрметті қарауыл ротасы елорда әуежайынан күтіп алды.

Германия президентінің кортежі әуежайдан шығып, Қазақстандағы ГФР елшісінің резиденциясына бет алды, содан кейін Rixos қонақүйіне келді.

Ақордаға атбасын бұрардың алдында Германия президенті евангелия-лютерандық шіркеуіне барды.

Ресми сапар дәрежесіне сай екі ел президенті амандасудан кейін өздерінің ресми делегациясын таныстырды. Содан кейін құрметті қарауыл командирі есеп беріп, Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасының гимні ойнады. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер келіссөз жүргізуге кірісті.

Екі ел басшысы Ақордада өткен келіссөздердің нәтижесі бойынша бірлескен мәлімдеме жасап, журналистерге брифинг өткізді. «Біз бүгінде кең ауқымды саяси əрі экономикалық қарым-қатынас бойынша стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілдік. Мен Германия президентімен Қазақстанның даму үдерістері, еліміздің алдында тұрған сыртқы саяси міндеттер жөнінде ой бөлістім. Германия – біздің сенімді досымыз əрі негізгі экономикалық əріптесіміз. Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 900-ден астам кəсіпорын табысты жұмыс істеуде, ал тікелей инвестиция көлемі 4 млрд доллардан асып отыр. Қазақстанның географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасуын ескеріп, біз жүктерді Қытайдан Орталық Азия арқылы Германияға құрлықпен жеткізу идеясын одан əрі ілгерілету үшін күш жұмылдыруға ниеттіміз. Қазақстанда төртінші өнеркəсіптік революция элементтерін енгізу жөніндегі бірлескен жобалар айтарлықтай қызығушылық тудырып отыр. Үкіметаралық комиссия мен іскерлік кеңестің табысты жұмысының маңызы зор. Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 млрд доллар болатын 20-дан астам құжатқа қол қойылды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Екі ел президенті сыртқы саясат мәселелерін талқылап, Гамбургте өткен G-20 саммиті,  Украинаның оңтүстік-шығысы мен Таяу Шығыстағы мәселелерге тоқталды.   

Германия президенті Қазақстанның өңірдегі сыртқы саяси рөлін жоғары бағалады

«Қазақстан – өңірдегі тұрақтылық тірегі, өзіне сенімді мемлекет. Аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз ету және еліңіздің табысты дамуына серпін беру үшін сіз, президент мырза, ядролық қарудан бас тарттыңыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдық кезеңінде сіз дау-дамай мен қақтығыстарды дипломатиялық әдістермен әділетті түрде шешудің жарқын мысалын көрсетіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жауапты әріптес ретінде де өз миссияларыңызды атқарып келесіздер. Қазақстан Сирия қақтығысын реттеу үшін мүдделі тараптардың басқосуына жағдай жасадыңыз», – деді.

Германия президенті Қытайдың Жаңа Жібек жолын дамыту бастамасын да атап өтті.

Аққордадағы кездесуден кейін Германия президенті Тәуелсіздік сарайында өткен «Энергетикалық диалог» форумына қатысты. Содан соң елорда  басшысы Әсет Исекешевтің шақыруымен Астананың бас жоспарымен танысты.

Көрмеден кейін Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы басшысы Германия президентін ГФР ұлттық құрамасының конфедерация кубогындағы жеңісімен құттықтап, тосын сый жасады.

Ресми кездесуен кейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеративтік Республикасының президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен бірге Германия павильонына барды. Қазақстан президенті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Германияның ұлттық павильонының экспозицияларын аралап көру барысында көлік құралдары мен тұрғын үйді жетілдіруге қатысты неміс өнеркәсібі мен ғылымы әзірлеп шығарған инновациялық шешімдермен танысты.

Екі ел президенті жел, күн және су электр стансаларының үлгілері, электр қуатымен қозғалатын болашақ көлік экспонаттары қойылған «Болашақтың картасы» және «Болашақтың қаласы» атты көрме алаңдарын аралап, «Энергетикалық шоу» көрсетілімін тамашалады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Германия павильонының құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мемлекет басшысы Германия президентіне Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонын да көрсетті.

Германия президенті Қазақстанға зайыбы Эльке Бюденбердермен келгенін атап кету керек. Кезінде Франк-Вальтер Штайнмайер өзінің саяси карьерасын қойып, зайыбына бүйрегін беріп, донар болған еді.

Германия президентінің ресми сапарына арналған бағдарлама «Экспо» көрмесіндегі ГФР ұлттық күнін атап өтумен жалғасты. Оған Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу