banner

Парламент Конституцияға түзетулерді қалай қабылдады?

34770

3 наурызда  өткен бірлескен отырыста ел Конституциясына енгізілетін түзетулер жиынтығы қабылданды. Жаңа өзгерістердің мәнін түсіндіруге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келді. Ол осы талқылауды тарихи оқиға деп атап, ел азаматтарынан 6 мыңнан астам ұсыныс түскенін айтты. Ұсыныстың барлығы бірдей заң жобасына енгізілмесе де, әлі де кемшіліктер мен қиындықтар көп екенін байқатты. Президент бұл мәселелерді жоюға бағытталған жұмыс жалғасын табатынын қадап айтты. Әзірге парламентке ұсынылған заң жобасына елдің Ата заңының 23 бабына өзгерістер енгізілді. Сонымен бірге президенттің тапсырмасымен үкімет президенттің 35 өкілеттігін үкіметке тапсыру туралы заңнама енгізілетін түзетулер жиынтығын әзірледі және жақын арада ол парламенттің қарауына беріледі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу