Деректі фильмдер

«Өзіме сенемін» - сериал шағын бизнестің дамуы және оның ел экономикасы үшін пайдасы мен елге арналған мүмкіндіктері туралы. Фильмнің басты мақсаты – жанымызда жүрген, шағын бизнеспен айналысатын қарапайым қазақстандықтардың өмір тарихын көрсету. Дегенмен, бұл – қатардағы қарапайым емес, қайтпас қайсар, қандай тығырықтан болмасын тайсалмай шығып, дегендеріне жеткен нағыз ерлердің тарихы. Азамат тарихы, тағдыр тарихы, бизнес тарихы. Біздің кейіпкерлеріміздің ойлары мен көзқарасы бизнес ашсам деп жүрген жандардың жігерін жанып, алға қадам жасауға қажетті пайдалы серпіліс болар еді. Осының негізінде мемлекеттің шағын кәсіпкерлік үшін жасап жатқан қамқорлығы: қолдау механизмі мен қаржылық көмегі туралы айтудың да маңызы зор. 

Деректі фильмдер