Омаров Қайрат Ермекұлы

Сыртқы істер министрінің орынбасары 

6224
Омаров Қайрат Ермекұлы

1963 жылғы 12 қаңтарда Фергана қаласында туған (Өзбекстан).

Білімі:

1985 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институты ағылшын және француз тілдерін мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1987 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында оқытушы ретінде бастаған. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, этнография және археология институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы жанындағы көркем аударма жөніндегі бас редколлегияның ағылшын тілінен аудармаларының бас редакторы болған.

Дипломатиялық қызметін 1992 жылы ҚР СІМ Паспорт-виза бөлімінің екінші хатшысы қызметінен бастады. Содан кейін Еуропа және Америка елдері басқармасының бірінші хатшысы, сондай-ақ Америка басқармасы Еуропа және Америка бөлімінің меңгерушісі болды.

1994 жылы Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігіне бірінші хатшы ретінде жіберіліп, онда кеңесшіге дейін көтерілді.

1996-1998 жылдары Басқарма басшысы, кейін Еуропа департаменті директорының орынбасары.

1998-2003 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігіне кеңесші-уәкіл ретінде қайта жіберілді.

2004 жылы ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарған.

2004 жылғы сәуір-тамыз аралығында Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы.

2004-2009 жылдары Қазақстанның Үндістандағы және Шри-Ланкадағы қоса атқарушы Елшісі.

2009-2013 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2013 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі.

2017 жылдан бастап Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанның Аустриядағы Елшісі.

2022 жылғы 6 қазанда Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу