banner

​"Алтын сапа" байқауының моделі кәсіпкерлерге мүдделер тепе-теңдігін табуға мүмкіндік береді

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Алтын сапа" байқауына қатысқан және қатысып жүрген барлық кәсіпорынға үнемі сараптама жасап отырады.

​"Алтын сапа" байқауының моделі кәсіпкерлерге мүдделер тепе-теңдігін табуға мүмкіндік береді

Шын мәнісінде, барлығы дерлік, әсіресе, шағын кәсіпорындардың бизнесінде  байқаудан кейін жақсы серпін бары байқалады.

Бұл компанияларды танып, мойындап, жақсы қаржыландыра бастайды, даму институттары олардың жұмысына ден қояды. Ең бірінші, сенімділік танытады.

Екіншіден – ірі кәсіпорындарға ұлттық компаниялар мән бере бастайды. Мысалы, "Самұрық-Қазынадағы" сатып алуларды алатын болсақ, оларда біліктілік бойынша іріктеуде "Алтын сапа" жеңімпаздары үшін басымдық бар.

Бұл кәсіпорындар танымал, ал олардың бизнес-процестері  үлгілі бола бастады дегенді көрсетеді. Олармен санасып, кеңесе бастайды.

Ал жеңімпаз болмағандар, байқау арқылы өз орындарын тапты. Бизнесмен өзінің дамудың  қандай кезеңінде тұрғанын, ненің жетіспейтінін  жақсы біледі. Байқау оған өзіндік бір бағдар береді.

Байқаудың іріктеу критерийлері мүлдем қиын емес, алайда субкритерийлерді көргенде, айырмашылықтың қандай екенін көре бастайсыз.

Мысалы, сіз өзіңіздің қызметкерлеріңізге көп мән бересіз, бірақ бизнестегі серіктестеріңізге көңіл немесе қаражат бөлмейсіз. Не болмаса керісінше болды делік. Өндірістегі бірдеңені назардан тыс қалдырдыңыз немесе басқа нәрсені қайта қарау керек.

"Алтын сапа" байқауының үлгсі  осы мүдделер теңгерімін табуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер байқау жайында толық мағлұмат алып, оған жіті дайындалу үшін ҰКП оқыту семинарларын өткізеді. Сол кезде барлығы толық түсіндіріледі. Әр қадам бойынша нұсқау беріледі.

Талаптар мен критериилерге сай болу керек. Мұны қысқаша айтып түсіндіру мүмкін емес. Бұған көп жұмыс істеу керек.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу