"Кеңселік жылжымайтын мүлік нарығы жалға берушінің нарығы болған, бар және одан әрі де солай болып қала береді"

7458

Кеңселік жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар бәсекелестік аясында жалға беру мөлшерлемесінің түсуін күтуде.

"Кеңселік жылжымайтын мүлік нарығы жалға берушінің нарығы болған, бар және одан әрі де солай болып қала береді"

Жалпы құлдырауға қарамастан, кеңселік жылжымайтын мүлкін жалға алу келісімдерінің саны 2015-2016 жылдардағы деңгейде қалып отыр. Нарықта ірі компаниялардың шығындарды, оның ішінде жалға алу шығынын қысқартуы байқалып отыр, алайда жалға алушылардың А класты жылжымайтын мүліктен Б класты кеңселерге жаппай көшіп жатқаны да байқалмайды. Дегенмен де жаңа клиенттердің таңдауы нысандар санының көп болуынан бәсекелестік жоғары Б класқа түсуде. 

Б кластағы келісімдер саны жалға беру мөлшерлемесін жаппай төмендеу есебінен көбейіп отыр.  Бірақ та меншік иелері жаңа бизнес-орталықтарының пайдалануға беру есебінен кеңсе орындары деңгейінің артуы мен жалға берушілер арасында оңтайландыруға деген беталыстың орын алуынан, яғни жалға алатын орынның қысқаруы немесе кеңсенің бағасына қарай қолжетімді жерге көшуден жалға алушылар тапшылығын сезініп отыр. Осының нәтижесінде нарықта кейбір Б класты кеңсе ғимаратының бағасы арзандағаны байқалды. 

Нарыққа қатысушылар 2018 жылы бәсекелестіктің өсуінен, жалға беру одан әрі арзандайды деп отыр. Жалпы кеңселік жылжымайтын мүлік нарығы жалға берушінің нарығы болған, нарығы болды және одан әрі де солай болып қала береді. Мұндай жағдай бизнес-орталықтар иелерінің күресінің  күшеюіне, ал ол бағаның түсуіне, жалға берушілердің кәсіпқойлығының өсуіне және олардың ұсынатын қызметінің сапасының жақсаруына әкеледі. Мысалы, жалға алушыларды тарту үшін бизнес-орталықтар ілгерілету мен тиімді маркетингке, сондай-ақ нысанның сыртқы көрінісіне аса мән беретін болады.

Бизнес-орталықтардың иелері қазіргі жалға алып отырғандарды ұстап қалу мен сервистің сапасын жақсарту мақсатында  кәсіби басқарушы компанияларды тартатын болады.

Бос орындардың өсу деңгейі толымдылықтың қалаған деңгейіне қолжеткізу үшін бизнес-орталықтардың иелерінің кәсіби брокерлердің қызметіне жиі жүгінуге әкеледі.  Бәсекелестіктің күшеюі – бизнес-орталықтар тарапынан ықтимал жалға алушының алдында нысанның бәсекелестік артықшылығын көрсетуге себеп болатын "жасыл" сертификаттауға деген қызығушылықтың артуына әкеледі.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін