"Ақтөбенің" тізгінін Беларусь маманы ұстауы мүмкін

671

"Ақтөбенің" тізгінін Беларусь маманы ұстауы мүмкін

"Ақтөбе" командасын 45 жастағы Беларусь маманы Александр Седнёв баптауы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.

Естеріңізде болса, кеше клуб президенті Самат Смақов ардагер бапкер Владимир Мухановтың денсаулығына байланысты қызметінен кеткенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Муханов клубты екінші мәрте 2017 жылы тізгіндеді. Бір жарым жылда ол бас бапкер ретінде 55 матчқа қатысты. Осы ойындарда оның шәкірттері 19 рет жеңіске жетіп, 15 рет тең ойнап, 21 рет жеңілді.  

64 жастағы Мухановтың клубтан кетуіне оның денсаулығының сыр беруі себеп. Жақында ресейлік маманға операция жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу