"Қайрат" Қазақстан кубогінің жартылай финалында "Ертіспен" ойнайтын болды

734

"Қайрат" Қазақстан кубогінің жартылай финалында "Ертіспен" ойнайтын болды

Бүгін, 25 мамыр күні Астанада кәсіпқой футбол лигасының штаб-пәтерінде Қазақстан кубогі жартылай финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz. 
Турнирдің жартылай финалында алматылық "Қайрат" павлодарлық "Ертіспен" кездеседі. Екінші жартылай финалда қарағандылық "Шахтер" мен "Атырау" ойнайды. 
Жартылай финалдың ойындары екі ойыннан тұрады. Бірінші кездесулер 14 маусымда өтсе, жауапты кездесулер 27 маусымда өтеді. Бірінші ойындар Алматы және Қарағандыда өтеді. 
Айта кетейік, Қазақстан кубогінің қазіргі иегерлері – "Қайрат" болса, финалда ойнаған екінші команда "Атырау". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу