"Қазгидромет"-тің демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

1054

"Қазгидромет"-тің демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, алдағы үш күнде елордада -13 ° градусқа дейінгі ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Сенбі, 8 желтоқсанда күн бұлтты болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 0-5 м/с құрайды. Түнде ауа температурасы -18...-20 °С, күндіз -9...-11 ° С. 9 желтоқсанда, күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс пен оңтүстік-шығыстан жылдамдықпен 2-7 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде -18...-20 ° C, күндіз -11...-13 ° C көрсетеді.

10 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -17...-19 ° C, күндіз -7...-9 ° C құрамақ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу