"Ақылды" ауданда "ақылды" есептеуіш құрылғылар орнатыла бастады

721

"Ақылды" ауданда "ақылды" есептеуіш құрылғылар орнатыла бастады

Жұмыстардың барлығын жеке инвестор қаржыландырады. "Ақылды" ауданның тұрғындарына жаңа есептеуіш құрылғыларды сатып алудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты "AstanaInnovation"-ға сілтеме жасап.

Елордада "ақылды ауданды" құру жобасының қатысушысы – "Вавиот Азия" ЖШС көрсеткіштерді тиісті коммуналдық қызметтерге автоматты түрде жіберу функциясы бар "ақылды" есептеуіш құрылғыларды орнатуды бастады. 

Ал тұрғындар өздерінің коммуналдық шығындарын  Smart-КСК (Е-КСК) мобилді қосымшасы арқылы көре алады. Жалпы үйдің ортақ есептеуіш құралымен қатар, пәтерлердегі электр, су және газ есептеуіш құралдарын да ауыстыруда. Қазір тегін "ақылды" есептеуіш құралдар бағдарламаның алғашқы бағыты бойынша Бараев 12, 14 мекен-жайындағы пәтерлерге орнатылуда.

Бағдарлама алдымен су және электр тогын есептеуіш құралдарын ауыстырудан басталды. Жалпы, "Вавиот Азия" ЖШС 124 пәтердің есептеуіш құралын ауыстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу