"Алтынкөлде" қымбат тондарды заңсыз алып өтпек болған делдалдар ұсталды

714

"Алтынкөлде" қымбат тондарды заңсыз алып өтпек болған делдалдар ұсталды

"Алтынкөл" кеден бекетінде ірі көлемде қымбат бағалы құндыз тондар алып өтпек болған делдалдар ұсталды. Бақылау бекетінде күдікті затты тексерген кеденшілер құндыз терісінен тігілген 350 дана бас киім, 55 дана ішік пен қысқа жеңді 16 дана тонды анықтаған, деп хабарлайды almaty.tv.  

Шекарадан құнды заттарды тығып өтпек болған адамдар тауардың шынайы иелері емес, тек тапсырысты орындаушы делдалдар дейді кеденшілер. Көбінесе кәсіпкерлер кеден салығын төлемес үшін жергілікті жалдамалы тұрғындарға тапсырыс береді екен. Қазір құнды киімдердің бағасын анықтау мен әкімшілік іс қозғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыдан екі апта бұрын ұсталған 66 дана тон иелерінің Мәскеуде отырып, делдалдарға тапсырыс бергені белгілі болған еді. Кеденшілердің қырағылығының арқасында мәсукеулік кәсіпкерлер заңсыз әрекеттері үшін тек айыппұлдан бөлек, 3 миллион 200 мың теңге  салық төлеп, заттарын алып кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу