"Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізеді

644

Олар Францияның "Ренн" командасымен кездесіп, K тобындағы екінші жолдамаға тартысады.

"Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізеді

"Астана" биылғы Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі ойындарын сәтті бастаған еді. Алдымен 20 қыркүйекте Киевте жергілікті "Динамомен" 2:2 есебінде тарқасты. Одан кейін "Ренн" клубын 2:0 есебімен жеңсе, сыртта 25 қазанда Чехияның "Яблонец" клубымен 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды prosports.kz. 

"Яблонецпен" 8 қарашада елорда төрінде қарымта ойын өткізіп, бұл кездесуде елордалық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 29 қарашада біздің футболшылар Киевтің "Динамосынан" 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Қазір турнир кестесінде "Астана" 8 ұпаймен екінші орында келеді. Ал "Ренн" командасының қоржынында 6 ұпай бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу