RU KZ
TV
RU KZ
DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 168,62 РТС 1 174,23 KASE 2 297,05 FTSE 100 6 977,49 Бидай 516,60
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-2Астана
1.62Алматы
DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 168,62
РТС 1 174,23 KASE 2 297,05
FTSE 100 6 977,49 Бидай 516,60
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7

«Астана» Еуропаның үздік 50 командасының қатарына кірді

141 10 Қараша 2018 11:54

Еуропа лигасының топтық кезеңінің төртінші турында «Астана» Чехияның «Яблонец» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Григорий Бабаян шәкірттері кешегі маңызды жеңістен соң УЕФА клубтық рейтингінде жоғарылауға мүмкіндік алды. 27,500 ұпайы бар елорданың «Астана» командасы рейтингте 50-орында тұр. «Астана» командасы бұл көрсеткішпен Чехияның «Викторию Плзень» (27,000) клубынан алда тұрса, 28,500 ұпай бар Түркияның «Фенербахче» командасынан бір саты төмен тұр. 

Еуропа лигасының төртінші турынан кейін «Астана» «К» тобында «Динамомен» (Украина) бірдей ұпай жинап (8 ұпай) бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп тұр. Францияның «Ренн» командасы үш ұпаймен үшінші, «Яблонец» екі ұпаймен соңғы орында келеді. 

«Астана» клубы Еуропа лигасындағы келесі кездесуін 29 қараша күні Астанада киевтік «Динамоға» қарсы өткізеді. 

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK