"Астана" ойыншылары Кипрге аттанды

630

"Астана" - АПОЭЛ (Кипр) арасындағы алғашқы матч 23 тамыз күні 23:00-де (Астана уақытымен) басталады.

"Астана" ойыншылары Кипрге аттанды

Бүгін "Астана" командасының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы матчын өткізу үшін Кипрге аттанды, деп хабарлайды prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалықтар онда жергілікті АПОЭЛ командасымен кездеседі.

Еске сала кетейік, "Астана" - АПОЭЛ (Кипр) арасындағы алғашқы матч 23 тамыз күні 23:00-де (Астана уақытымен) басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу