"Атамекен" таяу 5 жылға арналған жаңа стратегиясын айқындады

945

"Атамекен" таяу 5 жылға арналған жаңа стратегиясын айқындады

Бұл туралы "Атамекен" ҚР ҰКП V Съезі аясында Басқарма Төрағасының орынбасары Абылай Мырзахметов хабарлады, делінген atameken.kz сайтында

"Бүгінде мемлекет бизнес үшін қолайлы ортаны қалыптастырды. Бұған жеңілдетілген қаржы, салық артықшылығы, шығынды өтеу, ұзақ мерзімді тапсырыс пен реттелетін сатып алудағы басымдық кіреді", – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

"Атамекен" бизнеске өндірісті жергіліктендіру және жаңғырту, жаңа өндірісті игеру, жұмыс орнының санын арттыру, экспорт көлемін ұлғайту және салық аударымдарын кезең-кезеңімен өсіру міндеттемесін бекітуді ұсынды.

Бұл ұсыныс "Атамекеннің" таяу 5 жылға арналған жаңа стратегиясына кіреді. Оған Ұлттық палата белсенді жұмыс атқарып отырған 10 басым міндет жатады. Стратегияға бизнестің құқығын қорғау, бизнес-ортаны жақсарту, қол жетерлік несие беру, бизнестің бәсекелік қабілетін немесе индустриализациядағы жаңа тәсілдерді арттыру, адами капиталды дамыту, жаппай кәсіпкерлік енді.

"Атамекен" шағын және орта бизнесті саралауға болады деп есептейді. Бұл дегеніміз – орта бизнес индустриализациядағы жаңа тәсіл бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады", –­ деді Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасы стратегияға сонымен қатар "Бизнеске арналған үкімет", агроөнеркәсіп кешенін дамыту және кәсіпкерлердің өтінішімен тариф саясатын реттеуге қатысты мәселелер енгенін атап өтті.

Абылай Мырзахметов бұрынғы стратегияны 2016 жылы "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқасы бекіткенін еске салды, оның 70%-ы орындалды. Оның қатарында шағын несиелеу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, бизнеске арналған үкімет және тағы басқалары бар.

"Атамекеннің" бес жылда атқарған жұмысында бизнесті қорғау бойынша 23 мың өтінімді қарап, оның 40%-ы оң шешімін тапты, жалпы сомасы 111,3 млрд теңге қорғалды. Оған алынып тасталған айыппұл мен өсімпұл, контрагенттерің келісімшарт міндеттемелерін орындауы, қайтарылған мүлік пен жойылған хабарламалар жатады.

"Жүйелі негізге Бас Прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жоғары сотпен атқарылатын жұмыс қойылды. Нәтижесінде құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерге жасайтын қысымы азайды. Палата құрылғалы бері 22 мыңнан астам нормативті құқықтық актілерге сараптама жасалды, оның ішінде 434-тен астам заң жобасы. Бизнестің ескерілген ұсынысының пайыздық көрсеткіші артты – 2015 жылғы 30%-ға биыл 73%-ға дейін", – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

"Атамекен" бизнесті қайта реттеу бойынша ауқымды жұмысты атқарды. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағдарламасы аясында Ұлттық палата өңдеу өнеркәсібіндегі 1342 кәсіпорынды паспорттауды жүргізді. Нарыққа сараптама жасалып, тауарлар тізімі, 20 млн доллардан асатын иморт көлемі анықталды. Осы тауарлар бойынша Қазақстан аумағында өндірістік қуат бар, бұл импортты алмастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

"Атамекен" 2016 жылы "Atameken Services" жобасын іске қосты. Инфрақұрылым жасалып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысының аясында 76 қызмет автоматтандырылды. Пилоттық online-режимде 18 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Сервисті дамытудың алдағы қадамы "Атамекен" ҚР ҰКП алаңында "Бизнеске арналған үкімет" жобасын жүзеге асыру болады", – деді "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы.

Спикер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нәтижелі де тиімді жобаларының бірі – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын "Бастау" жобасы болғанын атап өтті. Бұл жоба алдымен 2016 жылы пилоттық режимде қолға алынды, келесі жалдан – 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына енгізілді.

2017 жылы "Бастау" жобасымен 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат  оқытылды. Оның ішінде 8 мыңнан астамы бизнес-жобаларын қорғады, 3 мыңнан аса азамат бизнесін ашты және ұлғайтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу