"БЖЗҚ" АҚ журналистік материалға байқау жариялайды

693

Байқауға БАҚ-та 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тіліндегі материалдар қабылданады.

"БЖЗҚ" АҚ журналистік материалға байқау жариялайды

"БЖЗҚ" АҚ "ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі" тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға байқау өткізетіндігін жариялайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "БЖЗҚ" АҚ-ның Павлодар облысы филиалының директоры Владимир Питраков айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Байқауға қатысуға еліміздің республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тіліндегі материалдар қабылданады. Қатысыңыздар, сіздерден келген материалдарды көріп қуанатын боламыз", - деді Владимир Питраков жиынға қатысушы БАҚ өкілдеріне.

Байқауға әртүрлі жанрда жұмыстар ұсынуға болады: мақала, очерк, сұхбат, репортаж, радио және бейнесюжет, талдамалы бағдарлама және т.б.  Жұмыстарды 2018 жылдың 31 тамызына дейін (қоса алғанда) press@enpf.kz электрондық поштасына жіберу керек:

 - материалдың сканерден өткізілген көшірмесін немесе сілтемесін (мысалы: материал файл алмасу хостингіне орналастырылуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге;

 - Қордың заңды мекенжайына (Алматы қ. Әуезов көшесі, 82) – материалдың түпнұсқасын немесе көшірмесін (оның ішінде материал электрондық тасымалдауыш: диск немесе флэш-жинақтауышта болуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге жіберу қажет.

Бұдан басқа, қатысушы бекітілген нысанға сәйкес (өтінім нысаны ұсынылған) толтырылған өтінімді қоса тіркеуге тиіс. Байқау қорытындысы 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін шығарылып, қордың www.enpf.kz ресми сайтында жарияланады.

Қазылар алқасы "Үздік журналистік материал" санат бойынша мемлекеттік тілде үш жеңімпазды және орыс тілінде үш жеңімпазды анықтайды. Әрбір аталымда жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу