banner

"Дарын" жастар сыйлығына өтініштер қабылдау басталды

826

"Дарын" жастар сыйлығына өтініштер қабылдау басталды

Қарағанды қаласы әкімінің "Дарын" жастар сыйлығына өтініштер 21-ші қарашаға дейін жалғасады. Ол кәсіптік салада жоғары көрсеткіштері бар және қоғамдық қызметке белсенді түрде қатысатын қарағандылықтарға беріледі. Сыйлықты алуға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар таласа алады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Сайыс алты номинация бойынша өтеді: "Жылдың жас көшбасшысы", "Жылдың жас ұстазы", "Жылдың жас спортшысы", "Жылдың жас дәрігері", "Жылдың жас жұмыскері" және "Жылдың жас IT маманы".

Сайысқа қатысу үшін құжаттар пакетін жинап, кәсіби салаңыздағы еңбегіңіз жайлы эссе жазуыңыз керек. Әр номинация бойынша жеңімпазға диплом мен 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.

Өтініштер мына электронды мекенжай бойынша: mrckrg@mail.ru 2018-ші жылдың 21 қарашасына дейін қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу