"Қарағанды-Томск" бағытына жаңа пойыз қатынайды

452

"Қарағанды-Томск" бағытына жаңа пойыз қатынайды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 9 желтоқсанда "Қарағанды-Томск" бағытында №363/364 жаңа халықаралық жолаушылар пойызын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Пойыз күнара қатынайтын болады. Бұл Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ.  Бұл пойыздың құрамында 3 ірі вагон мен 3 плацкарт вагоны бар. Маршрут Астана-1, Павлодар, Шарбақты, Кулунда арқылы қатынайды. Шарбақты (Қазақстан) және Кулунда (Ресей) стансаларында тексеру бекеті орналасқан", - делінген хабарламада.

Пойыз Қарағанды стансасынан 23:24-те жолға шықса, Томскке 07:45-те жетеді. Жалпы 35 сағат 21 минут жол жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу