"Қазақтелеком" "Кселл" акцияларының 75 пайызын сатып алды

895

Сатып алу туралы шешімді "Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесі мен "Самұрық-Қазына" АҚ инвестициялық-стратегиялық комитеті қабылдаған.

"Қазақтелеком" "Кселл" акцияларының 75 пайызын  сатып алды

Бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз орталығында келісім-шарттың тараптары – "Қазақтелеком" АҚ, Telia Company және Fintur Holdings BV компаниялары қазақстандық телекоммуникациялық оператор "Кселл" АҚ-ның 75% акцияларын Қазақтелекомның сатып алуы туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметі.

Мәміле бойынша "Қазақтелеком" "Кселл" акцияларының 24%-ын Telia Company компаниясынан және 51%-ын Fintur Holdings BV компаниясынан сатып алды.

"Кселл" компаниясының бақылаушы пакетін сатып алу "Қазақтелеком" АҚ құнының өсуіне себеп болып, Қазақстандағы телекоммуникация саласының дамуына серпін береді деп күтілуде.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғау  комитеті "Қазақтелекомды" "Кселл" және "Activ" брендтері мен ұялы байланыс нарығының басқа да мүшелерімен инфрақұрылымды дамыту туралы келісімдерді сақтап қалуға міндеттеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу