"ҚазАвтоЖол" "Қазақстан темір жолы" қарамағынан ИДМ-ға өтуі мүмкін

598

"ҚазАвтоЖол" "Қазақстан темір жолы" қарамағынан ИДМ-ға өтуі мүмкін

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қарамағына өтуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкіметтің тиісті Қаулы жобасы Электрондық үкімет сайтында ашық талқылауға шығарылды. "ҚазАвтоЖол" автомобиль жолдарын басқару бойынша ұлттық оператор болып саналады. Көліктік-логистикалық жүйені дамыту арқылы тиімді инфрақұрылым құру мақсатында ұлттық компания акцияларының пакеті "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ға берілген.

Түсіндірме хатында Қаулы жобасын жүзеге асыру мемлекет бюджетінен қаражатты қажет етпейтіні және жобаның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны айтылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу