"Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

936

13 желтоқсанда құбылмалы ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. 

 "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктердің болжауынша алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бейсенбі, 13 желтоқсанда құбылмалы ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, оның жылдамдығы 2-7м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде –21-23°С, күндіз –10-12°С көрсетеді.

"14 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде – 15-17°С, күндіз – 7-9°С құрамақ. 15 желтоқсанда күн құбылмалы, аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы  9-14 м/с құрайтын жел соғады. Температура түнде – 11-13°С, күндіз – 3-5°С", - делінген "Қазгидромет" РМҚ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу