"Көне Түркістан" тұжырымдамасы жасалды

652

"Көне Түркістан" тұжырымдамасы жасалды

Бүгін Түркістан облысының орталығында сәулетшілер мен археологтар, тарихшылар мен суретшілер бас қосты. Өз салаларында елімізге белгілі 40-қа жуық азамат дөңгелек үстел барысында Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жайын сөз етті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін "Көне Түркістан" тұжырымдамасы жасалды. Оның басты бағыттарының бірі туристік  индустрияны дамыту болып белгіленді. Жобаның негізгі идеялық мәні – Түркістан қаласын Түркі әлемінің тарихи астанасы контексінде "ТҮРКСОЙ" ұйымына мүше елдерге ұсыну. Сонымен қатар, түркітілдес халықтардың сәулеттік, этнографиялық және ұлттық гастрономиялық бағыттарын танытып, қаланы түркі әлемінің мәдени орталығына айналдыру болып табылады", - деді жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебев.

Әкімнің айтуынша, жалпы жоба 99,6 гектар жер аумақты қамти отырып, үш кезеңде іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде Түркия тарапынан салынған мешіттің оңтүстік шығыс бетіндегі  61,8 гектар жер аумағына "Этоносаябақ" салу көзделсе, екінші кезеңде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қарсы бетіндегі 12,3 гектар жер аумағында "ТҮРКСОЙ" ұйымына мүше елдердің мәдени ошақтары мен сол елдердің тарихын сипаттайтын нысандардың құрылысын жүргізу. Ал үшінші кезеңде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің 88,7 гектар аумағындағы бекініс қорғаны мен арбатты және оның  бойындағы ғимараттарды жаңғырту.

Отырыста Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология  институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, професор Бауыржан Байтанаев, Интеллект-эксперт" әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, професор, академик Саттар Мәжитов, әдебиет сыншысы, жазушы, тарихшы ғалым Құлбек Ергөбек, ҚР құрметті сәулетшісі, саясат ғылымдарының кандитаты Ғабит Садырбаев, тариз ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановтар сөз алып, Түркістанды дамыту бойынша өз ойларын ортаға салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу