banner

"Магнум" супермаркеті өртенді

785

 "Магнум" супермаркеті өртенді

Алматыда Жетісу-3 шағын ауданында орналасқан "Магнум" супермаркеті өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт туралы хабар "101" қызметіне таңғы сағат 06:56-да келіп түскен.

"Алғашқы өрт сөндірушілер тобы 07:03-те оқиға орнына жетті. Анықталуынша, екі дүңгіршек өртеніп, артынша жалын кіреберіс бөлігінің шатырына өткен. Ғимараттың түстігіндегі қабырғасына да зақым келген. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде өрттің көршілес дүңгіршіктерге өтуіне жол берілмеді", - деп мәлімдеді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт 07:29-да ауыздықталып, 07:38-де толықтай сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу