"Махаббат, қызық мол жылдар" атты телехикая түсіріледі

4290

Кинокомпания өкілдері облыс-облыстарға телеэкспедиция жасап, тасадағы таланттарды іздемек

"Махаббат, қызық мол жылдар" атты телехикая түсіріледі

Алдағы жылы жазушы Әзілхан Нұршайықов романының желісі бойынша "Махаббат, қызық мол жылдар" атты телехикая түсірілмек. Бұл туралы "MG Production" кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков мәлім етті, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов ағамыздың "Махаббат, қызық мол жылдар" романы бойынша он сериялық телехикая түсіруге дайындық жасап жатырмыз. Неге десеңіздер, заман қалай өзгерсе де, адамның тұрмыс-салты мың түрленсе де, пенденің ішкі дүниесі өзгермейді. Шынайы махаббат туралы кино қоғамға идеологиялық серпін берер деген ойдамыз. Бәрі бекітілетін болса, "Махаббат, қызық мол жылдар" тележобасын келесі жылы бастамақ ойымыз бар", – деді Ернар Мәліков.

Ең қызығы, кинокомпания өкілдері әйгілі актерлерді айналып өтіп, облыс-облыстарға телеэкспедиция жасап, тасадағы таланттарды іздемек. "Махаббат, қызық мол жылдар" тележобасындағы басты кейіпкер Меңтай мен Ерболды сомдайтын актерлерді компания өкілдері осылай табуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу