"Нұр Отанның" Түркістан облыстық филиалына төраға сайланды

2218

"Нұр Отанның" Түркістан облыстық филиалына төраға сайланды

Түркістан қаласында "Нұр Отан" партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысып, конференцияны Олимпиада жүлдегері Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастады.

Конференцияда партия жұмысын жаңғырту, қоғаммен байланысты күшейту, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту жолдары талқыланды.  

Конференция делегаттарының бірауыздан қолдауымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев "Нұр Отан" партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Мәулен Әшімбаев облыс әкімінің бұл қызметті де абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, төрағалық куәлігін салтанатты түрде тапсырды.

Осы жиында "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалы саяси кеңесінің, тексеру-бақылау комиссиясының және саяси кеңес бюросының құрамы да бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу