banner

"Саламатты әдеттер" марафоны бастау алды

1158

"Саламатты әдеттер" марафоны бастау алды

Денсаулық сақтау министрлігінің бастауымен республика көлемінде “Саламатты әдеттер” марафоны бастау алды. Атырауда 11 шілдеде басталған бұл челлендж 8 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды atr.kz.

Марафон 11 шілде күні Атыраудағы "Ретро парк" саябағында басталған болатын. Шара қалалық №7 емхана мен Атырау медициналық колледжі және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Мұндағы басты мақсат – әрбір адамның  өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.

Марафон 5 станциядан тұрады: халық денсаулығына кері әсерін тигізетін тұздан сақтану, күніне 2 литр су ішу, жеміс-жидектер станциясында витаминдердің адам денсаулығына пайдасын түсіндіру, шұғыл жағдай орын алған кезде орындауға тиіс іс-әрекеттермен таныстыру, күніне 10 мың қадам жаяу жүру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы тапсырмаларды күнделікті орындау арқылы, өз денсаулығын нығайтатын болады.

"Марафонда қойып отырған талаптарымызды әр мекеме және тұрғын өз деңгейінде жалғастырып отыруы қажет. Қыркүйек айының 8-ші жұлдызында материалдар республикаға жолданып, қорытындысы шығады. Осы марафонның ережелерін орындағандарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады", – дейді Атырау медицина колледжінің директоры Лаура Кубаева.

Айта кетейік, бастамаға  қатысушылар міндетті түрде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әлеуметтік желілеріне тіркеліп, бастаманы қолдайтындықтарын сурет немесе бейне арқылы, "денсаулық кепілі саламатты әдеттер марафоны" хештэгтері арқылы әлеуметтік желілерде бөлісуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу