"Сарбаз" шекара кемесі достық сапармен Дағыстанға аттанды

837

"Сарбаз" шекара кемесі достық сапармен Дағыстанға аттанды

Ел қауіпсіздігін Каспийде күзетіп жүрген "Сарбаз" кемесі достық сапармен Махачкалаға аттанды, деп хабарлайды 24.kz.

"Жағалау күзеті" өңірлік басқармасы басшылары мен кеме экипажын шекарашылар мен олардың отбасы Ақтау теңіз портынан салтанатты түрде шығарып салды.

Жылына бір рет жасалатын бұл сапардың маңызы зор. Қазақ шекарашылары ресейлік әріптестерімен кездесіп, мемлекеттік шекараны күзетудегі жауынгерлік әрекеттерімен танысады. Сонымен қатар алда атқарылатын бірлескен шараларды пысықтап, жоспар құрады.

Былтыр дәл осындай сапармен Ресейдің "Бриллиант" кемесі Ақтауға келген болатын. Ал қызметке жақында ғана қосылған озық үлгідегі "Сарбаз" кемесі шетелге алғаш рет аттанды.

"Бұл кеме – өзіміздің отандық өнім, Орал қаласында құрастырылған. Он күнге дейін өз еркімен теңізде жүзе алады және 5 балға дейін теңіз толқуын көтере алады", - дейді ҚР ҰҚК "жағалау күзеті" өңірлік басқармасы №2201 ә/б командирінің орынбасары Ерхат Рафиков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу