"Ұлы дала скауттары" Ақмола облысына табан тіреді

1262

"Ұлы дала скауттары" Ақмола облысына табан тіреді

Ақмола облысының Ақкөл ауданында балаларға арналған NOMADS CAMP киіз үйлер лагері жұмыс жасауда, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

NOMADS CAMP лагерінде 11-17 жас аралығындағы балалар демалыстарын өткізе алады.

Бүгінгі күні қазақтардың ортағасырлық қоныстары ретінде безендірілген киіз үйлерден құралған лагерьде Қызылорда облысы мен Астана қаласынан 50 шақты әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары және оқуда үздіктер демалуда. Оларға мұндай мүмкіндікті Елбасы – Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің қоры ұсынып отыр.

NOMADS CAMP апта сайынғы бағдарламасы – балаларға арналған түрлі оқиғалы ойындарға айналған жүйеде құрылған оқу модульдері мен сауықтыру іс-шараларынан тұрады. Әрбір маусым әртүрлі негізгі элементтерімен ерекшеленетін болады, мысалы, атпен жүру, садақ ату, ежелгі катапульттің құрылысы, шөптерден шай жасау рецепттерімен танысу, бауырсақ пісіріп, балық аулау, аң аулау дәстүрімен танысу сияқты.

Аталған демалысты ұйымдастырушы, "Ұлы дала скауттары" қоғамдық бірлестігінің Президенті Ильдар Катенов лагерьде балаларға жаңа дағдыларды игеруге көмектесетін Қазақстаннан және әлемнің басқа елдерінен сертификатталған скаут нұсқаушылары бар екендігін атап өтті.

Айта кеткен жөн, мұндағы бір ерекшеліктердің бірі – үйреншікті "отряд", "скаут нұсқаушы" атаулар - "тайпа", "сардар" сынды сөздермен ауыстырылған. И.Катенов бұл сөздердің мағынасына көңіл бөлінгендігін айтты.

"Ұлы дала скауттары" бірлестігі шетелдегі скауттармен де тығыз қарым қатынаста. Бұған Ақкөлдегі балалармен жұмыс жасап жүрген Исландиядан келген Марта есімді скаут дәлел бола алады. Ал, келесі кезеңде Малайзия мен Египеттен еріктілер келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Біріккен Араб әмірлігі оқушыларды жіберуге қызығушылық танытуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу