banner

10 миллион теңгелік пәтерді алу үшін 2 миллион теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет - Ақышев

1390

Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасымен ипотека алудың шарттарын түсіндірді. 

10 миллион теңгелік пәтерді алу үшін 2 миллион теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет - Ақышев

"7-20-25" бағдарламасы биыл шілдеде іске қосылды. Қазақстан азаматтары жылдық 7%-дық мөлшерлемемен, 20% бастапқы жарнамен және 25 жыл мерзімге баспана сатып ала алады. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтып берді, деп хабарлайды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Біріншіден, әрбір адам баспананы бағдарламада айқындалған өлшемшарттар бойынша таңдауға тиіс. Екіншіден, қатысушы  банкке келіп, кредит алуға өтініш беру керек. Үшіншіден, ресми түрде расталған кірісі болуға және меншік құқығында баспанасы болмауға тиіс", -  деп еске түсірді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.

Данияр Ақышевтың айтуынша, қазіргі уақытта 7 банк өтінім қабылдауда, олар: Банк ЦентрКредит, АТФ банк, Цеснабанк, Банк RBK, Еуразиялық банк, Халық банкі және ForteBank.

"Қарыз алуға 42 млрд теңге сомаға 3539 өтінім берілді, оның ішінде банктер 28 млрд теңге сомаға 2352 өтінімді мақұлдады", - деп атап өтті бас банк төрағасы.

Ол сонымен бірге мемлекет басшысының тапсырмасын жылдам бастап, іске асырудың маңызды екенін атап өтті. Қысқа мерзім ішінде қажетті инфрақұрылым құрылды, ақпараттық кампания кеңейтілді, банктермен және халықпен белсенді түрде жұмыс жүріп жатыр. Тиімділікті арттыру үшін қыркүйекте біз Бағдарламаға өзгерістер енгізілді.

"Шымкент қаласы және Астана мен Алматы қалаларының қала маңындағы аймақтары сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңге мөлшеріндегі өңірлерге жатқызылды. Әкімдіктер және құрылыс инвесторлары іске асыратын жылжымайтын тұрғын үй объектілері есебінен бастапқы баспана ұғымы кеңейтілді. Баспана ұсынысын ынталандыру шаралары енгізілді. "Баспана" ипотекалық ұйымының жергілікті атқарушы органдардың теңгемен облигацияларын баспана салу үшін нарықтық мөлшерлемемен сатып алу тетігі көзделген", - деп хабарлады  Ақышев.

Данияр Ақышев құны 10 млн теңге болатын пәтерді сатып алу үшін 2  млн теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет екенін түсіндірді. Ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады. Тиісінше, банктің мақұлдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы керек. Себебі кредит бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауға тиіс деген ереже бар.

"Халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаны сәтті іске асыру факторларының бірі болып табылады және оны одан әрі ынталандыру үшін үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен шаралары қажет", - деп сөзін қорытындылады Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу