106 қылмыскер түрмеден қашып кетті

820

106 қылмыскер түрмеден қашып кетті

Бразилияда Гояс штатындағы түрмеде 2 қаңтарда болған бүліктен қамаудағы тоғыз адам қаза тапты және 14-і зардап шекті, деп жазады ТАСС-қа сілтеп ҚазАқпарат.

Globo теларнасының хабарлауынша, қақтығыс кезінде пенитенциарлық мекемеден 106 қылмыскер қашып кеткен. Қазіргі уақытта олардың 29-ы ұсталды. Сондай-ақ 127 қамалушы бүлік кезінде түрмені тастап шыққан, бірақ тәртіпсіздік біткеннен кейін қайта оралған. Екі банданың арасындағы  көтерілістен туындаған бүлікті басуға екі сағат уақыт  кетті.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу