11 қыркүйектегі терактіде аман қалған америкалық Кенияда содырлар қолынан көз жұмды

672

Террористерді ұстау операциясы 20 сағатқа созылған. 20-дан астам адам қаза тапты.

11 қыркүйектегі терактіде аман қалған америкалық Кенияда содырлар қолынан көз жұмды

11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығы мұнарасына жасалған лаңкестік шабуыл кезінде тірі қалған АҚШ кәсіпкері 16 қаңтарда Найробиде Dusit қонақүй бизнес-кешеніндегі теракті салдарынан қаза тапты. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

 Sky News Arabia телеарнасы берген мәлімет бойынша, содырлар сейсенбі күні Dusit кешеніне шабуыл жасаған. Алғашқыда онда бірнеше жарылыс болған, кейін содырлар адамдарға оқ жаудырған. Соңынан жанкешті ғимараттардың бірінде өзін жарып жіберді. Террористерді ұстау операциясы 20 сағатқа созылған. 20-дан астам адам қаза тапты.

Джейсон Спиндлер инвестициялау және дамушы нарыққа көмек көрсететін консалтингтік компанияны басқарған. Қанды оқиға болған сәтте оның Dusit қонақүйінде іскерлік кездесуі өтіп жатқан. Джейсон бір аптадан кейін 41 жасқа аяқ басар еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу