115 мың гектар жердің өртенуіне күдікті ұсталды

626

Калифорнияда орман өртін сөндіре алмай жатыр.

 115 мың гектар жердің өртенуіне күдікті ұсталды

Калифорния штатында орманға өрт қойды деген күдікпен егде адам ұсталды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады, деп жазады 24.kz.

Мәлімет бойынша 51 жастағы Форрест Кларкқа айып тағылып отыр.

Айта кетейік, орман өрті әлі ауыздықталмады. Қызыл жалын бүгінде Лейк Элсинор қаласына жақындап қалған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша 115 мың гектар жер  отқа оранған. Өрт сөндіру қызметкерлеріне қызыл жалынмен күресу қиынға соғуда. Мұндай жағдай Калифорния тарихында бұрын-соңды болмаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп штатта төтенше жағдай режимін жариялаған болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу