143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды

1008

Жалпы 2018 жылы 70 мың өнім үлгілері тексеруден өткен. Сараптама нәтижесінде 9740 өнім тапсырысқа сәйкес келмейтін болып шыққан.

143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды

Қазақстандық мамандар шұжық өнімдерін зерттеуден өткізіп, 143 түрлі сынамадан шошқа ДНҚ-сын тапты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде өнім қауіпсіздігінін анықтайтын мониторинг ай сайын жүргізіледі.

Жалпы 2018 жылы 70 мың өнім үлгілері тексеруден өткен. Сараптама нәтижесінде 9740 өнім тапсырысқа сәйкес келмейтін болып шыққан.

Министрдің хабарлауынша, сұранысқа сәйкес келмеу көрсеткішінің 66 пайызы – импорттық тауарға, ал 34 пайызы – отандық өндірушілерге тиесілі.  Ол 2018 жылы 22 тонна қауіпті өнімінің көзі жойылғанын және өндірушілерге 70 миллион теңгеге жуық айыппұл салынғанын да айта кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу