banner

22 жұмысшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді

995

 Олардың барлығы "Болашақ" вахталық елдімекеніндегі асханада тамақтанып жүрген.

 22 жұмысшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді

Теңіз кен орнындағы "Болашақ" вахталық елдімекенінен 20-дан астам жұмысшы ауруханаға жеткізілді, деп sputniknews.kz.

Кеше "Монтажспецстрой" АҚ-ның  22 қызметкері астан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген.  

"Алдын ала диагноз — гастроэнтероколит. Клиникасы: локсу, құсу, дене қызуы 37-38, әлсіздік. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жеңіл және орта деп бағаланып отыр. Олардың барлығы "Болашақ" вахталық елдімекеніндегі асханада тамақтанып жүрген", — деп хабарлады департамент БАҚ-қа.  

Олардың айтуынша, науқастардың барлығы орталық аудандық ауруханаға жатқызылған, қазіргі таңда жұқпалы аурулар дәрігері қарап, консультация беріп жатыр.  

Сондай-ақ эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп, тамақтан улануға не себеп болғаны анықталуда.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу