300-ге жуық мемлекеттік функция бизнеске беріледі

1140

300-ге жуық  мемлекеттік функция бизнеске беріледі

 

Ал еліміздегі 300-ге жуық мемлекеттік функция бизнеске берілмек.  Бүгін "Атамекен"  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік қызметтерге жауапты өзін-өзі реттеу ұйымдарын анықтау мәселесі талқыға түсті. "100 нақты қадам" Ұлттық жоспарының 97 қадамына орай функиялар тізбесі үш топқа бөлінген. Бірінші топтың қорытындысы бойынша бағалау және экологиялық аудиторларды реттеу функциясы бәсекелестік ортаға ауыстыру бойынша заң жобасы әзірленіп Мәжіліс қарауына ұсынылған. Ал ағымдағы жылдың мамыр айында тағы 5 сала өзін-өзі басқаруға беріледі. Бұл қатарда Туризм, Денсаулық сақтау, энергетикалық аудит және экспорттық бақылау қызметі бар.

Марал Ғалым "Атамекен" ҚР ҰКП сарапшысы

 "Бірінші және екінші топта 97 функция қабылданған болатын. Ал үшінші топқа 152 жуық жергілікті атқарушы органдардың функциясы және 50-ден астам орталық мемлекеттік органдардың функциясын қарастыру жоспарланып отыр-01-59// 01-16 нәтижесінде біздің "100 нақты қадам" 97 қадамына сәйкес азаматтардың мемлекеттік шешімдерді қабылдауға қатысу үлесін арттыруға өзінің септігін тигізеді деп санаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу